Қоғам

Шағын және орта бизнес нысандарының инфрақұрылымын жаңғырту

Кәсіпті дөңгелетуде инфрақұрылымның сәйкес болуының маңызы зор. “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы аясында үкімет іскер азаматтарға инженерлік желілерін жаңғыртудың мүмкіндігін жасап отыр.

 

Антон Федяев, СҚО энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Инфрақұрылымның құрылысы жоба құнының 50 пайызынан аспауы тиіс. Кәсіпкер тек жобалық сметалық құжат әзірлейді. Кейін таңдауы бойынша жол, жылу, су, газ қазандық пен кәріздік желіні салып береміз.

 

Әрине жоба үйлестіру кеңесімен құпталса. Басты шарт өміршең бастама жаңа жұмыс орындарын құруы керек. Былтыр 7 нысанда 425 млн теңгенің инженерлік желілері жетілдіріліпті. Негізінен ауылдық аймақтардағы кәсіпорындардың тамырына қан жүгіртілген.

 

Антон Федяев, СҚО энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Қызылжар ауданындағы “Адель Құс” ЖШС-не су  тартылып, жол төселді. Ғ. Мүсіреповтегі “ПМК-5” пен “Жаңа” ШҚ-на да тіршілік және тоқ көзі қосылды. М. Жұмабаев ауданының Бәйтерек ауылына электр қуаты жіберілді. Барлық нысандар қолданысқа берілді.

 

Бағдарламаның енді бір мүмкіндігі жақын шоғырланған бизнес субьектілері ортақ ниеттерін біріктіре алады. Биылдыққа 19 кәсіпкерден 7 жобаға тапсырыс түскен. Ол жұмыстар 167 млн. теңгеге бағаланып отыр. Келер жылға да үкіметтің демеуімен инженерлік желілерін жақсартуға үміт еткендер бар.

 

Жеңіс Ермұқанов