Балалар

Палаталық лагерьдегі демалыс

Балалардың оқуы аяқталып, жазғы демалысқа шықты. Ендігі кезекте олардың уақытын тиімді өткізу қажет. Бұл орайда Қызылжар ауданында таза табиғат аясында бірінші рет палаталық лагерь ұйымдастырылды. Мынау – дем алатын орынның алғашқысы. Балалар осында 5 күн бойы әскери-спортқа машықтанбақ. Мұнда оқушылар жылы төсекте емес, палаталарда ұйықтайды. Жасөспірімдердің әрбір сағаты пайдалы шараларға құрылған. Таңертең міндетті түрде сап түзеп, адымдап жүреді.

Сержан Ержан бірінші рет жазғы демалысын лагерьде өткізуде. Таза табиғат адамды сергітеді дейді.

Мұнда 20 оқушы дем алуда. Оларға арналып 10 палатка құрылған. Балалар мұнда 5 мезгіл тамақтанады.

Жазғы демалыста таза табиғат аясында ұйымдастырылған лагерьлерде әлеуметтік аз қамтылған және қауіпті топқа жататын 100 солтүстікқазақстандық демалады деп жоспарланған. Аталған ауданда 10 маусымнан мұндай 4 бірдей лагерь ашылыпты. Балалардың демалуына аудандық бюджеттен 1,5 млн теңге бағытталып отыр.

 

Наталья Машкина, “Сұңқар” әскери-спорттық палаталық лагерінің жетекшісі:

– Палаталық лагерьлер экологиялық, археологиялық, этно-мәдени, әскери-спорттық бағыттарына бөліген. Жазғы демалыстарын тиімді өткізу үшін Қызылжар ауданындағы барлық мектептердің оқушылары қамтылады. Әсіресе, өмірде қиын жағдайға тап болған жеткіншектерге көп көңіл бөлінбек.

 

Палаталық лагерьлер «Бала еңбегін заңсыз пайдалануға қарсы 12 күн» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.

 

Бану Ахметова