Қоғам

Конституция көшесінде жаңа гүлзарлар пайда болады

 

Облыс әкімінің тапсырмасымен қаланың орталық көшесін абаттандыру жұмыстары басталды. «Петропавл-Коммунхоз» ЖШС-і көшедегі ескі гүлзарларды жаңасына ауыстырып, қаламызды көгалдандыруда. Бұл іске 3 бригада жұмылдырылған. МКСМ-800 шағын жүкартқыштары да шаруаға тартылыпты. Жұмысшылар екі ауысымда еңбек етеді.

 

Татьяна Дмитриева, “Петропавл-Коммунхоз” ЖШС инженер-көгалдандырушысы:

– Гүлзарлар ескірген, өзінің әсем қалпын жоғалтқан. Сол себепті де біз бұларды жаңасына, заман талабына сай қылып ауыстырамыз. Жұмыс ауыр. Топырақтың беткі қабатын толығымен қара топыраққа ауыстыру қажет.

 

Жаңа гүлзарларға Санкт-Петербург қаласынан әкелінген «Питер грин» деп аталатын аралас шөп қоспасын себеді. Бұлардың ескісінен артықшылығы өңіріміздің қысына шыдамды, жайпауға төзімді және де көпжылдық. Мамандардың айтуынша, күтімі жақсы болса, гүлзарлар шаһарлықтарды 5-10 жыл аралығында қуантады. Айтпақшы, қала тұрғындары мен қонақтары бұл шараға дән риза.

 

Барлығы әдемі, әсем. Сол себепті де күніне екі рет серуендеуге шығамыз.

 

Біз жиі серуендейміз. Түрлі-түсті гүлдер көшеге ажар береді. Құрбым бұл қалаға қонаққа келді, оған қаламыз ұнайды.

 

Жоспар бойынша Конституция көшесіндегі гүлзарларды толығымен ауыстыру жұмыстары маусымның соңына дейін жалғасады.

 

Риат Шони