Бизнес және экономика

Инновациялық қызметті дамыту

 

Аталмыш құжат солтүстікқазақстандық бизнесті дамытуға септесетін болады. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бірден бір жолы – тың технологиялар мен жаңа бағыттарды қолдану. Ал қаржылық қолдау ретінде мемлекеттен арнайы гранттарды ұсынып отыр. Инновациялық гранттардың 9 түрі бар.

 

Құрманғазы Омаров, «Өңірлік Астана технопаркі» ЖШС менеджері, Астана қаласы:

-Ол инновациялық гранттардың мақсаты әртүрлі. Ғылыми жобаларды әрі қарай комиссиялаудан бастап, инновацияны енгізуде кәсіпкерлерге әртүрлі қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

 

Ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосатын жобалары бар азаматтар 2 млн-нан 150 млн теңгеге дейінгі сомада грант иегері атана алады. Қаржылық қолдау тек ісі өрге домалаған кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен қатар бизнесін жаңа ашуға үміткер жандарға да ұсынылады.

 

Нелли Кукушкина, СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

– Мұндай шаралдардың өткізілуі өте маңызды. Жуырда Еуразиялық экономикалық одақ құру жөнінде келісімге тұрдық. Сондықтан біздің кәсіпкерлер бәсекеге қабілеттелігін арттырып, өндірісті жаңартуы қажет. Ал бұл олар үшін зор мүмкіндік болып отыр.

 

Инновациялық бағыттағы гранттар тек кәсіпкерлерге ғана емес, тың жаңалық ашқысы келетін ғалымдар мен ұстаздарға да беріледі. Өтініштер 2 ай көлемінде қарастырылады.

 

Мағжан Ахмадина