Спорт

Петропавлда 200-ден астам каратеші шаршы алаңға шықты

 

№42 орта мектептің оқушысы Владимир Плеханов 5 жыл бойы кекушинкай каратэмен айналысады. Сөйтіп, осы уақыт аралығында жинаған тәжірибесіне сүйеніп, Көкшетау, Павлодар, Шымкент қалаларындағы жарыстарда бақ сынап, жүлделі орындарды еншілеген.

 

Владимир Плеханов, жарысқа қатысушы:

-Мен осы ашық біріншілікке ұзақ дайындалып, тынымсыз жаттықтым, сондықтан да өз жеңісіме сенімдімін.

 

Жыл сайын өткізілетін жарысқа Владимир сынды 200 балдырған қатысты. Спортшылардың жасы 4 пен 11 аралығында. Олардың көпшілігі жарыс алаңына алғаш рет шығып отыр.

 

Евгений Дулов, жарысты ұйымдастырушы:

-Біздің болашақ жоспарымыз – Қазақстанда 2016 жылы өткізілетін әлем чемпонатына қатысу. Біз бүгіннен бастап қажырлы дайындығымызды бастаймыз. Сондықтан қазір кекушинкай каратэден өтіп жатқан жарыс біздің спортшыларымызға алға ұмтылу үшін күш-қуат береді деп үміттенемін.

 

Ашық турнирдің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды № 42  орта мектеп еншіледі. Екінші орынға “Тұлпар” балалар мен жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері жайғасса, № 9  мектеп каратешілеріне үшінші орын бұйырды. Жарыс жеңімпаздары кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.