Өнеркәсіп

Өңіріміздің 7 кәсіпорыны “Алтын сапа” байқауына қатысуға өтініш берген

 

 

Қазір еліміздің барлық өңірлерінде «Алтын сапа» байқауына дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін өңіріміздің 7 ірі кәсіпорыны аталмыш шараға қатысуға өтініш берген.

 

Светлана Пленник,СҚО техникалық реттеу және метрология департаментінің бас маманы:

– “Алтын сапаға” қатысуға өтініш бергендердің арасында «Фрегат», «Алекри», «Севказэнерго», «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» және тағы бірнеше кәсіпорын бар. 15-ші қыркүйекке дейін конкурс талаптарына жауап беретін компаниялар өз өтініштерін бере алады. Негізгі критерилердің саны – 9. Ең бастысы – кәсіпорындар сапа менеджментіне жауап беруі тиіс.

 

Аталған семинарлар қазақстандықтардың техникалық реттеу және сапа менеджменті, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында жұмыс істеу тәртіптері туралы ақпарат алуына бағытталған. Жалпы биыл «Алтын сапа» байқауының талаптары өзгеріске ұшыраған. Тыңдаушылар олар жайлы да бүгін мәлімет алды.

 

Надежда Дубовая, СҚО тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығының төрайымы:

– Мұндай шаралар қатысушыларға тіпті құжаттарды қалай дұрыс рәсімдеу керектігі жайлы ақпарат береді. Оның үстіне биыл өзгерістер енгізіліпті. Бұрындары жеңіске жеткен кәсіпорындар 2 жыл қатарынан осы байқауға қатысуға мүмкіндік алса, ендігі кезекте ол 4 жылға дейін ұзартылған. Ол серіктестіктер алдында үлкен мүмкіндіктер ашпақ.

Бұндай іс-шаралар қазірдің өзінде еліміздің 6 өңірінде өткен. Шілде айының соңына дейін осындай кездесулер барлық облыс орталықтарында ұйымдастырылатын болады.

 

Мағжан Ахмадина