Қоғам

Өнертапқыштар форумы

 

 

20-дан астам жұмыстың ішінде тек оқу барысында ғана емес, күнделікті өмірде де қолдануға болатын жобалар ұсынылды. Көзге түскендерінің бірі – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенттері ұсынған компьютер. Бұл жобаның ерекшелігі – компьютер жабдықтарының бөлек емес, бірге жинақталуы. Бұнда монитор, принтер, сканер бір жүйеде орналасқан.

 

Айгүл Павилан, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж оқытушысы:

-Қазіргі кезде комьютерлердің жабдықтары бір-бірінен алыс орналасқан. Қағаз шығару үшін орныңнан тұрып, принтерге бару керек. Бұл модельде бәрі бір жерде. Сондықтан, артық қозғалыс жасамай, қағазды шығаруға және оны сканерден өткізе беруге болады.

 

Көрмеде ұсынылған тағы бір ерекше жобалардың бірі – «Еркіндік және Достық» деп аталатын қонақүй кешені. Ұлттық брендті көрсетуді көздеген жоба авторы ғимаратты аспанда ұшып жүрген құстың формасында жасап, ұлттық символиканы қолданған.

 

Жанар Салханова, СҚУ колледжінің оқытушысы:

-Бұл жобаны жасауға Солтүстік Қазақстан Университеті колледжінің дизайн саласы бойынша білім алатын студенттері ат салысты. Олар Назым Бабасанова мен Нұрәбіл Сакиков. Ал мен осы жобаға жетекшілік етемін.

 

1-ші және 3-ші курс студенттерінің арасында өткен бұл шарада 3 тур қарастырылған. Әрбір оқу орны техникалық жоғарғы деңгейде орындалған 3 экспонатты таныстырулары тиіс болатын. Жобаларды бағалағанда жұмыстың жаңалығы, маңыздылығы және таңдалған тақырыптың пайдасы мен оқушының өз идеясын жеткізе алуы есепке алынады.

 

Борис Степаненко, төреші:

-Жұмыстар өте жақсы орындалған. Әсіресе осының бәрін студенттердің өз қолдарымен жасағаны қуантады.

 

Жеңімпаздар диплом және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды