Спорт

Гимнастикадан солтүстікқазақстандықтар озды

 

Маусымның 1-і мен 5-і аралығында көркем гимнастикадан өткен ел чемпионатына қатысқан спортшылар топтық жаттығуларын 3 құраммен көрсеткен. Соның ішінде Қайни Қаражігітованың тобы 3-орынға ие болыпты. Көркем гимнастикамен 6 жылдан бері үзбей айналысып жүрген ол, әлемге аты танымал гимнаст болуды армандайды.

Жуырда өткен ашық чемпионатқа еліміздің 10 қаласынан 10 құрама қатысыпты. 130-дан астам спортшы бақ пен бап таластырған жарыста Қарағанды мен Тараз қаласының көркем гимнастары мықтылықтарын паш етіпті. Дегенмен теріскейлік балғындар да барын салып, қанжығаларын майлап келген.

 

Лариса Ращепкина, көркем гимнастикадан жаттықтырушы:

-Біздің топ ел чемпионатына мықтап дайындалған еді. Жарыста гимнастарымыздың биі қазылар алқасының көңілдерінен шықты. 2 жылда бір рет өтетін турнирге барған 17 тәрбиеленушімнің барлығы жүлделі оралды. Бұл жетістікке күн сайынғы жаттығулардың арқасында жетіп отырмыз.

 

Жас көркемгимнастар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Олар алдағы күзде елордамызда өтетін чемпионатқа қатыспақ ниетте.

 

Бақыт Сәдуақасов