Құқық қорғау органдары

Жас жол инспекторларының жарысы

 

Жас жол инспекторларының жарысы салтанатты түрде ашылды. Командаларға 10 түрлі сынды бағындыру міндеті қойылды.

 

Ғалия Зейнетжанова, “Жас Ұлан” командасының мүшесі: -“Біз “Жас Ұлан” командасының “Қауіпсіз дөңгелек” сайысының жеңімпаздарымыз. Бұл додаға барлық қатысушылар жақсы дайындалып келген.

 

Саптық дайындық, жолда жүру ережелерін білу, жол қозғалысын реттеушінің іс-қимылдарын дұрыс көрсету, апатқа ұшыраған жандарға алғашқы медициналық көмек көрсету. Өздеріне жүктелген барлық сындардан сайысқа қатысушылар еш мүдірместен өтті. Күрделі тапсырманың бірі – “Мәнерлеп жүргізу”. Байқауды ұйымдастырушылардың көздегені – сайыскерлердің жылдамдығы мен ептілігін байқау.

 

Александра Гайдук, жарысқа қатысушы:

-Велосипедшілер жарысында мен бірінші орын алдым. Мен өте бақыттымын, қарсыластарымыз өте мықты болып шықты. Бірақ, соған қарамастан мен үздік нәтиже көрсеттім.

 

Байқау соңында өз мүмкіндіктерін үгіт бригадалары көрсетті. Нәтижесінде Қызылжар ауданының “Парасат” мектеп-лицейінің құрамасы бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші орыннан Есіл ауданының құрамасы көрінді. Ал жарыстың қола жүлдесі ақжарлық жас инспекторларға бұйырды. Жүлделі орындарға ілінбегендері болса, өз білімдерін келесі жылы көрсетуге ниетті.

 

Светлана Смолина, жарысқа қатысушы:

-Біз өте бақыттымыз және қуаныштымыз. Бұған дейін біз жақсы орындарға ие болдық. Алдағы уақытта бірінші орынды алуға тырысамыз.

 

Түрлі номинациялар бойынша үздік деп танылған оқушылар да сыйлықсыз қалмады. Оларға республикалық “Балдәурен” сауықтыру лагеріне жолдамалар тарту етілді. Ал жарыс жеңімпаздары маусымның 22 – шілденің 2-і аралығында Өскемен қаласында өтетін жас жол қозғалысы инспекторларының сайысында