Құқық қорғау органдары

Қаржы полициясының құрылғанына 20 жыл толды

 

Қаржы полициясының тарихы Қаржы министрлігі салық қызметінің құрамындағы салық милициясынан бастау алады. Еліміз егемендік алғасын олар 1994 жылдың 6 маусымында өз алдына жеке орган болып құрылды. Биыл оған 20 жыл толып отыр. Осы аралықта құзырлы мекеме жан-жақты дамып, еліміздің экономикалық ахуалын аттыруда айтарлықтай істер атқарды дейді аталмыш саланың ардагерлері.

20 жыл ішінде қаржы полициясы мамандары елеміздің қалыптасуы мен экономикалық дамуы тұрғысында қыруар істер атқарды. Мәселен, ағымдағы жылдың 5 айында солтүстікқазақстандық мамандар қозғаған 274 қылмыстық істің 228-і оң нәтижемен аяқталған. Сот қарауындағы материалдар саны 154. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты тіркелген қылмыс 62. Бұлардың бәрі өз ісінің білгірлерінің арқасында анықталған. Кәсіби мерекелерінде еңбегімен ерекшеленгендер ескерусіз қалған жоқ. Салтанатты шара барысында марапатқа ие болғандардың жалпы саны 22 адам. Олар аталмыш агенттік төрағасының атынан «ҚР Қаржы полициясына 20 жыл» төсбелгісі, құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.

Бұдан соң қаржы полициясы қатарына жаңадан қабылданған жас мамандар еліне адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Барлығы 5 адам.

Салтанатты шара соңында қаржы полициясы мамандарын кәсіби мерекелерімен облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан оның орынбасары Фархад Қуанғанов құттықтап, өңір жетекшісінің жеделхатын табыс етті.

Самат Есмағи