Білім

Петропавлдық жас суретшілер республикалық байқауда көзге түсті

Мамыр айының 25 – маусымның 1 аралығында Қызылорда қаласындағы “Арай-Sunrise” сауықтыру лагерінде өткен байқауға қаламыздың Көркемөнер лицейінен 2 жасөспірім қатысты. Бұл жастардың бастапқы аяқалысы екен. Байқауға бірінші рет қатысса да, белсенділік танытып, медальдармен және сертификаттармен марапатталды.

 

Людмила Зайнутдинова, “ЮНЕСКО клубы” Көркемөнер лицейі директорының орынбасары:

-Бұл біздің бірінші жеңісіміз емес, соңғысы деп те айта аламаймын. Оқушыларымыз бұған дейін де облыстық, аймақтық және республикалық байқауларда да топ жарған.

 

Влад Елизарьев 13 жаста. Жасы кіші болса да бұл балғынның топтамасында натюрморттар мен адам мүсіндері жеткілікті. Барлығы өз алдына ерекше, мазмұнды дүниелер. Республикалық пленэр-шебер-сыныбы байқауында жасөспірімнің өнері жоғары бағаланды.

 

Влад Елизарьев, Көркемөнер лицейінің тәрбиеленушісі, “ЮНЕСКО клубы”:

-Маған лагерьде болған ұнады. Тегін тамақтандырды. Суретшілер қауымынан шеберлер келіп үйретті. Түрлі ойындар ойнадық. Күн тәртібі де жақсы болды.

 

 

Бұл шығармашылық тартысқа біздің тағы бір жерлесіміз қатысты. Даниил Сотников байқауда “Экстерьердегі декоративті жазба” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Қабырғаға ою салуды ұнататын жасөспірім бұл өнермен 8 жыл айналысып келеді.

 

Даниил Сотников, Көркемөнер лицейінің тәрбиеленушісі, “ЮНЕСКО клубы”:

– Мен онда өзіммен бірге барғандардан басқа ешкімді білмедім. Жаңа достар таптым. Өнерімді әрі қарай шыңдаймын.

Шараның мақсаты – оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттыруға мейлінше жағдай жасау.

Байқауға жалпы 150 жасөспірім қатысты. Жас суретшілерге болашақта өз мамандығын таңдауда бағыт беру үшін экономика, электронды журналистика мен ақпараттық технологияларды жетік меңгеруге мүмкіндік жасалды. Медаль мен мақтау қағазын Көркемөнер лицейінің директоры да алды.