Мәдениет

Петропавлда А.Пушкиннің туған күні атап өтілді

 

Орыс әдебиетінің бастауында тұрған Пушкиннің туындылары мәңгілік. Сөз өнерін ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, әдебиетті жаңаша дамытып, өркендетуіне мүмкіндік берді. Ақын поэзиясына бас иетін жас ұрпақ әдебиет майталманының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына бас иеді.

 

9 сынып оқушысы Дмитрий Борисов ақын шығармасынан нәр алады. Өзі де өлең жазып жүр.

 

Дмитрий Борисов, №1 лицей оқушысы:

-Мен бала күнімнен Александр Сергеевичтің шығармаларымен таныса бастадым. Қазір демалыс уақыты болғандықтан, ақын шығармаларын оқып жатырмын.

 

Мерекелік іс-шара барысында Александр Пушкин өлеңдеріне жазылған романстар орындалды.

 

Николай Авдеев, “Қазақстанның орыс қауымдастығы” ҚБ СҚФ төрағасы:

-Орыс ақыны Александр Пушкинге арналған мерекелік іс-шараларды жылда өткізіп тұрамыз. Осы жылы бағдарламаға түрлі викториналарды енгізіп отырмыз. Жалпы жас ұрпаққа мұндай шаралардың тигізер пайдасы мол.

 

Бұл күні орыс ақынының мерейтойына арналып флеш-моб ұйымдастырылмақ.

 

Бақыт Сәдуақасов