Қоғам

Мойныңда берешегің болса, төлеуге асық

 

Қарызын өтемегендердің бірі К.Сүтішев көшесіндегі 17-ші көпқабатты үйде тұрады. Владимир Кан есімді ер азамат «ГИД кредит» деген шағын несие беретін мекемеден 2012 жылдың 4 шілдесінде қарызға ақша алып, борышты қайтармаған. Қазір бұл кісінің мойнында 10 млн. теңгеге жуық қарызы бар. Сол себепті де болар үйінің есігін ешкім ашпады.

Жеке сот орындаушы  борышкер несиені төлемеген жағдайда үй мүлкін тәркілейтіні жайлы ескерту қағазды көршісіне табыстап кетті.

 

Арман Барибаев, жеке сот орындаушы:

– Біздің міндет мемлекеттік сот орындаушыларынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Дәл солар сияқты соттың шығарған үкімімен жұмыс жасаймыз. Құқық бұзушыларға қаладан тыс аймақтарға жолжүруге тыйым салып, үй мүліктерін тәркілейміз. Ең басты өзгешелік – ол тәркіленген заттарды мемлекеттік сот орындаушыларына қарағанда өзіміз сата аламыз.

 

Тізім бойынша келесі борышкер М.Жұмабаев көшесіндегі 101-ші көпқабатты үйде тұрады екен. Бұл үйде де сот орындаушыларын жылы шыраймен ешкім қарсы алмады. 2014 жылдың бірінші тоқсанында сот орындаушыларының өндірісіне 4 млрд.теңгенің 638 ісі түскен. Оның ішінде 184 млн. теңгенің 80-ге жуық құжаты орындалды. Жалпы СҚО бойынша жеке сот орындаушыларға 20 ваканттық орын берілген, қазіргі таңда оның 4-і ғана жұмыс істейді.

 

Риат Шони