Мәдениет

Батыр Баянның туғанына үш ғасыр

 

Тарихқа көз жүгіртсек Баян Қасаболатұлы – қазақ жұртының тәуелсіздігі жолында өмірін ат үстінде өткізген сардарлардың бірі. Өзінің тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне ие болған. Қазақ-жоңғар шапқыншылығына қатысып, Батыр Баян атанды. Жерлесімізді ақын Мағжан, зерттеуші-ғалым Ш.Уәлиханов өз еңбектеріне арқау еткен. Олардың шығармаларынан қазақ батырларының арасында Баянның шоқтығы биік екендігі айтылған. Тарихта Батыр Баян есімімен қалған ұлы тұлғаға биыл 300 жыл толады. Осыған орай өткізілген дөңгелек үстелде зиялы қауым өкілдері Баян Қасаболатұлы жайында мол деректер айтты.

Бүгінде Баян батырдан тараған ұрпақтар мыңнан асады. Оның алтыншы ұрпағы Зейноллақажы Олжабаев. 86-ға келген қария бүгінгі ұрпақ Баянның ерлігі жайында біле бермейді дейді.

 

Зейноллақажы Олжабаев, Батыр Баянның 6-шы ұрпағы:

– Батыр Баня қандай адам болған, оның 6  баласы болған.

 

Бүгінде облыстағы мектептер мен көшелерге Батыр Баянның есімдері берліген.

 

Бану Ахметова