Балалар

Балалар өз құқықтарын білуі керек

 

Мектеп ауласында екінші топқа викторина өткізілуде. Мұнда педагогтар 25 жыл бұрын қабылданған БҰҰ балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкес балалар еңбегі жайлы әңгіме жүргізді. Маңызды ақпаратты оқушылар толығымен түсіну үшін сабақ ойын түрінде ұйымдастырылды. Осылайша оқытушылар балалар әзірден бастап өз құқықтарын білулері керек деп санайды.

 

Марина Стельмашук, №1 мектептің балалар алаңқайының аға тәрбиешісі:

– Балалар өз құқықтарын білсе, жаман мен жақсыны ажырата алатын болады. Өзгелерден жәбір көрмейді. Және қысым көрсетулеріне де жол бермейтін болады.

 

Валерия Головина үшінші сыныпты аяқтаған. Жасөспірім өз құқығын жақсы біледі.

 

Валерия Головина:

– Бүгін өте қызықты күн болды. Көп мағлұмат алдық. Біз балалардың құқықтарын білеміз. Үлкендерді тыңдап, сабақты жақсы оқуымыз керек.

 

Ал, мынау бірінші топ. Оларға мектеп ауласында спорттық ойын ұйымдастырылған. Дәл қазір олар заң бойынша ойнап, демалуға құқылы.

«Балалар еңбегін заңсыз пайдалануға қарсы 12 күн» атты ұлттық ақпараттық кампания Қазақстанда 9-шы рет өтуде. Биылғы жылы бұл акцияға СҚО-ның кәсіпкерлер палатасы қосылған. Олардың мақсаты бизнесмендермен кездесіп, балаларды ауыр жұмысқа тартудың жауапкершелігі туралы құлағдар ету.

 

Владимир Литвиненко, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

– Біздің міндетіміз  шағын және орта бизнес өкілдерін жазғы уақытта жұмысқа алған колледж немесе жоғары сынып оқушыларымен келісімшартқа тұру туралы ескерту. Яғни, көздегенміз – кәсіпкерлерді балаларды заңсыз ауыр жұмысқа тартуға жол бермеуге шақыру.

 

Акция аясында полицейлер мен еңбек инспекторлары бірлесіп жұмыс атқаруда. Статистика бойынша көбінесе кәмелет жасқа толмағандар қайыр сұрап, жүк тасып, көлік жуумен айналысады екен..