Құқық қорғау органдары

Қоғамдық тәртіпті қадағалауда бейнекамералардың көмегі көп

 

Петропавл қаласының көшелері мен алаңдарында 36 бейнекамера орнатылған. Жедел басқару орталығында кезекшілікте отырған полиция-операторларының басты міндеті – осы камералардың көмегімен заңбұзушылықтар мен қылмысты анықтау. Кейін ондай фактілер туралы жақын ауданда жүрген әкімшілік полициясының экипажына хабарлау керек. Сонымен қатар, “102” нөміріне қоңырау шалған азаматтың орналасқан жерін анықтау да операторға жүктелген.

 

Даулет Теміров, Петропавл қаласының ІІБ ЖБО басшысы:

-Күн сайын Петропавл қаласының ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығына 500, 600-дей қоңырау шалынады. Оған қоса 270-500-дей әкімшілік құқықбұзушылықтар тіркеледі. Ол жол-көлік қозғалысы мен белгіленбеген жерден көшені кесіп өтуге қатысты.

 

Көлік жүргізушілерінің арасында рөлде отырып телефонмен сөйлесіп, белдікті тақпайтындар, сондай-ақ, жылдамдықты шектен асырып, жол бойына қоқыс тастайтындар жиі кездеседі. Барлығы бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер жол қозғалысына байланысты 4 мыңнан аса заң бұзушылықты анықтаған.

 

Даулет Теміров, Петропавл қаласының ІІБ ЖБО басшысы:

-Жыл басынан бері бізде 5306 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып отыр. Олардың көпшілігі ҚР әкімшілік кодексінің 330-шы және 336-шы баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.

 

Сонымен қатар 5 айда жедел басқару орталығының камерлары арқылы қоғамдық орындарда спирттік ішімдік пайдаланған 881 адам мен 76 бұзақылық фактісі  анықталған.

 

Бақыт Сәдуақасов