Қоғам

Мүгедектерді сауықтыру орталығына бөлек баспана қажет

Аманжол Токинаның мұнда жатқанына 10 күндей болған. Туғанынан тірек-қимыл жүйесі зақымданған қария мұнда жылына екі рет ем қабылдайды. 3-ші топтағы мүгедек денсаулығын оңалту үшін осы орталыққа 2011 жылдан бері келіп жүр. Петропавл қаласының тұрғыны сауықтыру орталығындағы дәрігерлердің қызметіне риза.

 

Аманжол Токина:

-Массаж, физиолечение аламын. Дәрігерлер өте жақсы қарайды.

 

Қазір мұнда 10 адам ем қабылдап жатыр. Науқастардың жай-күйін 3 дәрігер бақылайды. Орталықта сауығып жатқан жандарға психолог маман көмек көрсетеді. Массаж, емдік дене шынықтыру және физоем қабылдау бөлмелері керекті құралдармен жарақталған.

 

Римма Әбілқайырова, Мүгедектерді сауықтыру орталығының физио ем қабылдау бөлмесінің мейірбикесі:

– Бізде 12 аппарат бар. Магниттік терапия, радиус бар. Жақында «Алмаг» құрылғысын алдық.

 

Мұнда мүгедектердің сапалы ем қабылдауы үшін бар жағдайлар жасалған. Емделушілер күніне 4 рет тамақтанады. 2005 жылы ашылған орталықта осы уақытқа дейін 4000 мыңнан астам адам сауыққан. Барлық процедуралар тегін түрде жүргізіледі. 15-тен астам дене шынықтыруға арналған қондырғының 3-уі жуырда ғана алыныпты. Мұндағылар ғимарат тар әйтпесе, бұдан да көп науқастарды қабылдауға болар еді дейді.

 

Лилия Русина, Мүгедектерді сауықтыру орталығының директоры:

– Физиоемдеуге арналған жаңа қондырғыларға қол жеткіздік. Жиһаз аламыз. Көптеген ауруларды емдеуге болар еді, бірақ әзірге оған мүмкіндігіміз жоқ. Ғимарат тар. Сондықтан жаңа жерге ауыссақ жақсы болар еді.

 

Сауықтыру орталығында жатқандар түске дейін ем қабылдаса, түстен кейін серуендеп, демалуға арналған жайлы бөлмелерде теледидар қарайды. Қолөнермен шұғылданады. Айталық мұндағы туындыларды науқастар өз қолдарымен жасаған.

 

Мағжан Ахмадина