Денсаулық сақтау

Дерт асқанбай тұрғанда анықталса, қатерлі ісікті емдеуге болады

 

Мына құрылғы тоқ ішектегі кішігірім ғана кінаратты анықтауға мүмкіндік береді. Бейне эндоскопиялық жүйе Жапонияда шығарылған екен. Қондырғының құны 11,5 млн теңге.

 

Евгения Иксанова, облыстық онкологиялық диспансердің эндоскопист дәрігері:

– 180 модельді «Олимпус» құрылғысы Қазақстандағы осы сынды қондырғылардың ішіндегі ең жақсысы. Ол эм би ай жүйесімен виртуалды хромоскопия, стопкадр және зум жүйелерімен қамтылған. Қондырғы суретті 3 есе ұлғайта алады. Бұл өз кезегінде ішектегі обырды кішкентай кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

 

Облыстық онкологиялық диспансер алған екінші құрылғы мультиспиральды компьютерлік тамограф. Ол бір айналымда 64 сурет жасай алады.

 

Ольга Пукса,облыстық онкологиялық диспансердің рентгенология бөлімшесінің меңгерушісі:

– Онкологиялық ауруға шалдыққандар тегін тексерістен өте алады. Бұл құрылғының мүмкіндіктері өте жоғары. Ол ми, бас сүйегін, іш құрылысы органдарын және кеуде тұсын зерттеп, бақылай алады.

 

Өңіріміз обыр ауруы бойынша республикада бірінші кезекте тұр. Сондықтан дерттің шығуын ерте бастан анықтау маңызды.

 

Ермек Әбдірімов, облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері:

– Ерте бастан табылатын аурулардың саны – 57 пайыз. Ал республикада ол 51 пайызды ғана құрайды. Скринигтер болып жатыр. Олар ерте уақытта табады. Ем жасаймыз. Ерте табылған ауруларға ем жасау арзан. Құрал- жабдықтармен қамтылу жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.

Қаржылық лизинг арқылы алынған заманауи құрылғылардың жалпы құны – 300 млн теңгеден асып жығылады. Ол ҚР 2012- 2016 жылдарға арналған онкологиялық қызметті дамыту бағдарламасы аясында жүргізілуде. Алдағы уақытта бұл жоба бойынша тағы бірнеше қондырғыны сатып алу көзделуде.

 

Мағжан Ахмадина