Балалар

Бүлдіршіндер балабақшамен қоштасты

“Батыр” бөбекжай-бақшасынның ұжымы үшін бүгін ерекше күн. Педагогтар аталмыш мектепке дейінгі тәрбие ошағынан 114 бүлдіршінді қанат қақтырмақ. Мұнда балақайлар тәрбие мен бастапқы білімді жақсы игерген. Оған дәлел – балғындардың біразын дарынды балаларға мамандандырылған мектептер мен гимназиялар еш кедергісіз қабылдапты. Бұған педагогтар қауымы мен ата-аналар дән риза.

 

Аида Уалиева, “Батыр” бөбекжай-бақшасының әдіскері:

-114  баланың ішінде 5 мүмкіндігі шектеулі түлек бар.

 

Балғындар ата-аналар мен бөбекжай-бақшасына келген қонақтарға алдын ала әзірлеген шағын концерттік бағдарламаларын ұсынды. Алдымен педагогтар “Қош бол, балабақша” ертегісінен үзінді көрсетті. Кейін кішкентайлар шамалары келгенше ән айтып, би биледі.

Одан кейін түлектер балабақша табалдырығын енді аттаған ізбасарларына білім кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Балғындар алтын ұя тәрбие бесігімен, тәрбиешілерімен қоштасқан соң, биыл көктемде түлектер аллеясына өздері отырғызған  алма, хош иісті жұпаргүл ағашының жас көшеттерін соңғы рет суарды.

Биыл күзде облыс бойынша 2008 бүлдіршін 1-сынып пен мектепалды даярлық топтарына барады.

 

Берік Қасен