Қоғам

Петропавлда “Менің елім” патриоттық акциясы өтті

 

Ту, Елтаңба, Әнұран – мемлекеттілігіміздің нышаны, біздің тәуелсіздігіміздің, еркіндігіміздің айғағы. Ал бостандық, егемендік деген сөздердің мағынасы тереңде жатыр. Мұны тек санасымен түйсініп, жүрегіне жақын қабылдай білген адам ғана терең түсіне алады. Томирис Жамантаева бүгін бетіне латынша қаріппен “Қазақстан, мен сені сүйемін” деген жазуды жазып алды.

Диана Канафина келешекте елімді сүйетіндігімді іс жүзінде дәлелдейтін боламын дейді. Ол жастар мемлекет нышанын беті мен қолына жазып қана емес, жүрегіне ұялатуы қажет деген пікірде.

Шараға өнер колледжінен 20-ға жуық суретшісі атсалысуда. Олар келушілердің бетіне, қолына мемлекеттік нышандарды таңбалап жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл шара алдағы уақытта дәстүрге айналмақ.

Жалпы “Менің елім” атты патриоттық акцияға 100-ден астам жас тартылды.

 

Берік Қасен