Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысты

 

Ең алдымен өңір басшысы Ерік Сұлтанов «Зиксто» АҚ болды. Өткен жылы аталмыш кәсіпорын 4,9 млрд теңгенің өнімін шығарса, үстіміздегі жылдың басынан бері не бары 375 млн. теңгеден астам қаржының тауарын өндіріпті. 2013 жылы мұндағылар 411 вагон жасаған. Ал биыл бұл өнімге тапсырыс жоқ. Бұдан кейін өңір жетекшісі «Мұнаймаш» АҚ ат басын бұрды. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов цехтарды аралап, мұнда орнатылған қондырғылардың жұмысын байқады. Қазір зауытта 150-ден астам адам еңбек етеді. Өткен жылы кәсіпорында 2,3 млрд теңгенің өнімі шығарылса, биылғы 4 айда бұл көрсеткіш 712 млн теңгеден ғана аса алған. Кейін Ерік Сұлтанов Қазақстандағы диаметрі- 16 дан 1200 мм-ге дейінгі полиэтилен құбарлар жасайтын ірі кәсіпорынның бірі – «Петропавл құрылыс материалдар зауыты» ЖШС келді. Бүгіндері мұнда түрлі құрылысқа қажетті материалдар шығаратын 18 желі жұмыс істейді.

Өткен жылы зауытта 1 млрд теңгеден астам қаржының өнімі шығарылған. Жыл басынан мұндағылар 166 млн. теңгенің тапсырысын орындапты. Кәсіпорын басшысының алдағы уақытқа жоспарлаған шаралары ауқымды.

 

Андрей Титов, «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС бас директорының орынбасары:

– Үстіміздегі жылы біз 7-8 млрд теңгенің өнімін өндіруді көздеп отырмыз. Ол үшін жұмыс күші де, қуаттылық та жеткілікті. Әзірге ешқандай мәселелер туындап жатқан жоқ. Оның үстіне қазіргі күні Еуроодақ құрылып, енді бізге көптеген мүмкіндіктер ашылмақ.

 

Кәсіпорында шығарылған өнімдер Қазақстан мен Ресейдің бірқатар облыстарына жөнелтіледі.

 

Мағжан Ахмадина