Балалар

Спорттық бал билерінен облыстың дәстүрлі ашық чемпионаты

Биыл 9-шы рет ұйымдастырылып жатқан сайысқа Петропавл қаласының бетке ұстар таланттары қатысуда. Солардың бірі – Анна Конопкина Дани Жаукиннің жұбы. Аннаның осы өнерге ден қойғанына 3 жылдың жүзі болған екен. Ол жұбы Данимен бірге алда талай белестерді бағындыратынына сенімді. Бұған дейін бірнеше жарыстарда бақтары жаныпты. Соңғысы Пекин және Астана қалаларында өткен сайыстарда қос кубокты иемденген. Бұл сында да олар жеңістен үмітті.

 

Анна Конопкина, Дани Жаукин, сайысқа қатысушы бишілер, Петропавл қаласы:

-Біз «Александра» би мектебінде шұғылданамыз. Жұп болып бірге билегеннен кейін әр түрлі қиындықтар болады. Бірақ соның бәрін еңбекпен жеңуге тырысамыз. Мақсатымыз – жарыста жақсы өнер көрсетіп ұстазымыздың еңбегін ақтау.

 

Жерлестеріміздің үміті еш кеткен жоқ. Олар бірінші орынды иеленді. Дегенмен, жеңіске жету оңай емес. Өйткені, еліміздің басқа шаһарларынан келген қатысушылардың арасында да осыған дейін 1-ші орындарды еншілеген өнерпаздар баршылық.

 

Алина Туребекова, Қуаныш Айтбеков, сайысқа қатысушы бишілер, Қарағанды қаласы:

– Сайыстың алғашқы бағдарламасында жүлделі орын алдық. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш.

 

Республикалық жарысқа қатысушылар бәріне танымал танго, ча ча, самбо мен румба секілді танымал билерді мың бұрала биледі.

Бұл жарыс Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай өткізілді. Оған Петропавлдан өзге Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларынан да бишілер келді. Барлығы 100 өнерлі жұп бақтарын сынады.

 

Игорь Ермоленко, ұйымдастырушы:

– Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты өнерлерін көрсетеді. Ең алдымен би алаңына бүлдіршіндер, содан соң 18 – 20 жас аралығындағы бишілер, ал соңғы болып ересектер шықты. Өз бағын сынауға келгендердің қатары қалың екендігі қуантады. Жыл санап дарындылардың саны да артуда.

 

Жарыс жеңімпаздары кубок, медаль және сыйақымен марапатталды.