Спорт

Петропавл қаласында шағын футболдан турнир өтіп жатыр

 

Бүгін № 4 орта мектептің спорт алаңында балаларды көре алмайсың. Алаңға шағын футбол турниріне қатысу үшін құқық қорғау органдарының өкілдері жиналған. Міне, өз араларындағы мықтыны анықтау үшін құқықтық статистика басқармасы мен облыс соттарының қызметкерлерінен жасақталған құрама бақтарын сынауда. Қазір ойыншылар финалға шығу үшін тартысып жатыр. Жарыстың 11-ші минутында судьялардың қақпасына алғашқы доп соғылды. Таймның соңына 20 секунд қалғанда қақпаға тағы бір гол дарыды.

 

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:

-Қаржы полициясының 20 жылдығына орай  Департамент көптеген спорттық іс-шараларды өткізді. Соның бірі, міне, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасындағы шағын футболдан турнир. Бұл турнирге СҚО-ның 6 құрамасы қатысты.

 

Турнир аясында алғашқы төрт ойын өтті. Қазір кездесулерге ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің құрамасы мен қаржы полицейлері дайындалып жатыр. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің капитаны Роман Джантлеев бұл ойында жеңістен дәмелі.

 

Роман Джантлеев, СҚО қаржы полициясы құрамасының капитаны:

-Менің ойымша осындай турнирлер жиірек өткізілуі керек. Салауатты өмір салтын ұстану біздің басты міндетіміз. Бұл шаралар арқылы зиянды әдеттерден арылып, өз күшімізге деген сенім пайда болады.

 

Бірақ қаржы полицейінің үміті ақталған жоқ. Турнирдің ақтық сынына Ішкі Істер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменттері, прокуратура мен құқықтық статистика басқармасының құрамалары өтті. Бұл командалардың арасындағы жеңімпазы 4 маусымда белгілі болады.