ТКШ

Биыл 39 үй жөнделеді

 

Досмұхамбетов кысқа көшесіндегі 17-ші үйдің қазіргі жағдайы мынадай. Бұрындары пәтерге өтетін жаңбыр мен еріген қар суынан із де қалмапты. Шатыры жөнделіп, жылу желілері мен жертөле қалыпқа келтірілген. 1994 жылы негізі қаланған баспана «Тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылғын жаңғырту» бағдарламасынан кейін осылай түрленген.

 

Шәйзат Еслямова, «Досмухамбетов қысқа көшесі, 17» ПИК төрайымы:

-Бұрын бізде жұмсақ шатыр болған. Баспанаға су ағып, үйден шыға алмай отыратын кездер болған. Кейін осы бағдарламаға қатысуға ниет білдірдік. Бізге «Мирас групп» фирмасы жөндеу жүргізді. Шатыр салып берді. Жертөлеге жарық өткізді. Жылы.

 

77 пәтерлі үй тұрғындары баспаналарын қалыпқа келтіру жұмыстарына 51 млн теңгеден астам қаржы жұмсапты. Кейін өздері балалар алаңын жасап, маңайды жарықтандыру шараларын жүргізген. Мұндағы барлық жөндеу жұмыстары 14-ші маусымда аяқталады деп күтілуде.

 

Сәкен Өтебаев, Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлінің бас маманы:

-Ағымдағы жылы 780 млн теңгеден астам қаржыға 39 үйде жөндеу жүргізіледі деп көзделіп отыр. Қалпына келтіру жұмыстарының орташа құны – 20-30 млн теңгені құрап отыр. Тұрғындар қазір әсіресе, кешенді қалыпқа келтіру жұмыстарын таңдауда. Адамдар оның тиімді екенін түсінеді.

 

Жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылғы бағдарламасы аясында қаламыздағы 95 көпқабатты үй жөндеу көрген.

 

Мағжан Ахмадина