Қоғам

Тұрғындар дабыл қағуда

 

Демалыс күндері ғана Интернационал мен Тоқсан би көшесінің қиылысында ондаған терек пен аққайыңдар өсіп тұрған еді. Алайда бүгіндері тамырын тереңге жайған ағаштардың тек түбірі ғана қалыпты. Қазір ағаштар құлатылған алаң айнала қызыл таспамен қоршалған. «Коммунхоз «жұмысшыларының ағаштарды кесуге мықтап кіріскеніне бірнеше күн болды.

Жергілікті тұрғындар қоршаған ортаға көрік беріп тұрған жасыл желектің тамырына балта шабылғанына ашулы.

 

Павел Леонтьев, СҚМУ физика кафедрасының доценті :

-Өңірімізде жасыл желектер саны азайып бара жатыр. Бұл ағаштардың кесілуіне мен қарсымын. Себебі, осы жасыл өсімдіктердің көлеңкесінде халық жүріп, жаздың ыстық күндерінде біраз ыстығын басады.

 

Жұмыс бригадасының қызметкерлері жасыл желектерді кесуге рұқсат қағазымыз бар дейді. Шынымен құжатта қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жетекшісінің қолы қойылып, мөрі басылған. Біз мәселенің анығын білмек болып қалалық әкімдікке хабарластық, бірақ олар қандай да бір түсінік беруден бас тартты. Өйткені бұл аумақты Қызылжар ауданының кәсіпкері сатып алыпты. Іскер азамат кесілген 35 ағашты Жеңіс саябағында отырғызуға  уәде еткен. Оның қалай орындалып жатқанын біле алмадық.