Қоғам

Соттағы ашық есік күні

Сот ғимараттарының әрбірінде мынадай медиация бөлмесі болуы қажет. Алайда, әзірге арнайы орын тек қалалық №2 мамандандырылған ауданаралық сотында ғана қарастырылған. Бұл жерде жанжалдасқан екі жаққа дау-дамайларын сотқа жеткізбей, проблемаларын өзара келісіп шешуіне мүмкіндік беріледі. Аталмыш бөлме “Сот медиациясы” атты пилоттық жоба аясында іске қосылды.

 

Нүрия Малдыбаева, Петропавл қаласының №2 мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрайымы:

-Сот медиациясы арызданушы және жауап беруші жақтың келісімге келуі арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін қос тараптың бір-біріне шағымы болмауы керек. Өз кезегінде судья бітімгерлікке келу мәселесін қарап, өндірістегі істі тоқтатуға шешім шығарады. Кейін сот процесі тоқтатылады,

 

Әр айдың бейсенбісі күні №2 қалалық сотында ашық есік күні өткізіледі. Осы жолы бұл шараға жеке тұлғалардан бөлек, түрлі компаниялардың өкілдері де келіп отыр. Оларға электрондық үкімет арқылы арыз беру тәртіптері түсіндірілді.

 

Нүрия Малдыбаева, Петропавл қаласының №2 мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрайымы:

– Заңды тұлға өкілдері талап-арызын тіркеу үшін біраз уақыт жұмсайды. Алайда 2011 жылдан бастап электрондық үкімет порталына кіріп, онлайн режимде арыз беруге болады. Бұл уақытты үнемдеуде таптырмас қызмет түрі.

 

Алайда, бұл жобаның кемшіліктері де баршылық. Бірқатар қиындықтарға заңды тұлға өкілдері тап болған.

 

Максим Пусев, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ бөлім басшысы:

-Біз қарызды өндіру кезінде көптеген қиындықтарға кез боламыз. Өйткені электронды порталға жауап беруші азамат жайында толық ақпаратты, тіпті оның туған күні туралы мәліметті енгізу қажет. Ал энергиямен қамтушы мекемеде ондай ақпарат жоқ. Сондай-ақ, мемлекеттік баж салығы электрондық әмиян арқылы төленеді. Оның үстемеақысы жоғары, осы жағынан да қиындықтар бар.

 

Сот жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру жолында заманауи технологиялар ендіріліп жатыр. Ол қазіргі күні электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылуда.

 

Бақыт Сәдуақасов