“Үздік ұстаз” байқауы

Білім

14:59 30 Мамыр 2014

Аталмыш байқауда өз бағын сынауға келгендердің қатарында Ленинград ауылшаруашылығы колледжінің дәнекерлеу ісі пәнінің ұстазы Амангелді Жақанов та бар. 10 жылдан астам уақыт студенттерге осы істің қыр-сырын үйретіп келе жатқан білікті маман дәрістерінде заманауи технологияларды қолданады.

Амангелді Жақанов, Ленинград ауыл шаруашылығы колледжінің дәнекерлеу ісі пәнінің ұстазы, Ақжар ауданы:

-Интерактивті тақтаны қолданамыз сабақтарымызда, Электронды кітаптар және компьютердегі интернет желісін пайдаланамыз. Бізде ауылымызда «Диорит ЛТД» және «Ақтөбе класс» деген шаруашылықтар бар. Солармен біз қарым-қатынас жасап, балаларымыз сонда практикадан өтеді.

Сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқысында ұстаздар 5 минут ішінде өзін таныстыру қажет болды. Ал екіншісінде мамандар қазылар алқасының назарына дәрістен үзінді көрсетті. Онда педагогтар сабақтарда қолданатын инновациялық технологияларды пайдалану керек болды.

Алма Құсайынова,СҚО білім басқармасының бөлім басшысы:

– Оларға қойылатын критерийлер бойынша педагогтардың шеберліктері мен кәсібилігі тексеріледі, олардың жылдамдығы да сыналады. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады және республикалық кезеңде өңір намысын қорғайтын болады.

Жалпы «Үздік ұстаз-2014» облыстық байқауына өңіріміздің барлық кәсіптік-техникалық білім беру ошақтарынан 12 маман қатысты. Байқаудың басты мақсаты – шығармашылық тұрғыда өзін танытатын ұстазды анықтау. Оның педагогикалық тәжірбиесін өзгелерге үлгі ғып көрсету.

Мағжан Ахмадина