Мәдениет

Қазақ театрының 15-ші маусымы жабылды

 

Актерлардың өнерлеріне бірінші кезекте көрермендер баға береді. Беспай Каипов С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының тұрақты көрермені. Зейнеткер өнер ордасындағы актерлардың шеберлігіне шүбә келтірмейді. Ол үшін осыдан 15 жыл бұрын Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітіріп келген Біржан мен Ақкенженің орны бөлек екен.

15-ші театр маусымында теріскейліктерге 4 премьера ұсынылды. Оның 2-уі “Бұртима” және “Екі дос”  –  балаларға арналған. Соның ішінде жазушы Дулат Исабековтың “Өйтпесе Мағжан бола ма” қойылымы  алғаш рет ел бойынша біздің театрда сахналанды.

“Өйтпесе Мағжан бола ма” қойылымынан кейін өнерпаздар бұрыннан бері тұрғындарға етене таныс “Күшік күйеу”, “Қыз Жібек”, “Дөкей келе жатыр” спектакльдерінен қысқаша үзінділер қойды.

Думан Адыкенов – жас актер. Сахнаға шыққанына не бары 8 ай болған. Осы уақыт аралығында ол әріптес ағаларымнан көп дүниелер үйрендім, елешегімнің кемел боларына іштей сенемім мол, дәрежем өскенде үлкен рөлдерді сомдасам  дейді.

Шағын қойылымдардың соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Оны тамашалаған жас пен жасамысы театр әртістерінің жұмысына оң бағасын берді.

Бүгінде мәдениет ошағында 25 актер жемісті еңбек етіп келеді. Олар алдағы демалыстарда бір тынығып, келесі маусымға дайындықты осы кезден бастаймыз дейді. Себебі 16-шы маусымда ғибратты қойылымдарды  қолға алғалы   отыр.

 

Берік Қасен