Қоғам

ҚР Елтаңбасының техникалық талаптары өзгерді

Әр елдің елдігін айқындайтын елтаңба, ту, әнұраны бар. Сондықтан оларды қастерлеу әр азаматтың міндеті. Жиында Қызылжар және Мамлют ауданында мемлекеттік рәміздерді қолдану мен оны насихаттау жайында атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.

 

Мара Жұмабаева, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:

– Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер, кәсіпорындарда 148 мемлекеттік ту, 148 елтаңба, 102 мемлекеттік рәміздердің бұрышы бар. Барлық мектептерде салтанатты жиындар еліміздің әнұранымен ашылады. Жастарды патриоттықа тәрбиелеу мақсатында алдағы уақытта бірқатар іс-шаралар өткізілмек.

 

Айта кету керек, мамырдың 19-ы еліміздің мемлекеттік елтаңбасының ұлттық стандарты өзгерді. Бұл жаңашылдық оның көлемі мен шығарылған күні және түсіне де қатысты болмақ.

Бұл жаңашылдыққа қатысты СҚО әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов ведомство мамандарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

 

Фархад Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:

– Мемлекеттік елтаңбаны жаңартар кезде ұлттық стандарттарға сай болуы қажеттігін қатаң бақылаңыздар. Қандай да бір қателіктерге жол беріп, кейіннен шу шығып жүрмесін.

 

Жиында сондай-ақ, мемлекеттік рәміздер күніне орай өтетін іс-шаралардың жоспары да қаралды. Елімізде мереке жыл сайын 4 маусым күні аталып өтілетіні белгілі. Әзірге мемлекеттік рәміздер күнінде этно-фестиваль, спорттық және әскери-патриоттық шаралар ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

 

Виктор Молодовский, СҚО жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы:

– Мемлкеттік рәміздер күнін атап өтуде қаламен қатар аудандарда бірқатар іс-шаралар өтеді. Айыртау аданында “Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылықтарымыз” атты байқау, Аққайың ауданында дөңгелек үстел, Қызылжарда авто-веложарыстар ұйымдастырылады. Жамбыл мен Ақжар аудындарында патриоттық шеру, форумдар өтеді. Қалған жерлерде патриоттық акция, флешмоб ұйымдастырылады.

 

Мемлекеттік рәміздер мерекесін атап өтер кезде аудандарда патриоттық тәрбиені насихаттауға көп көңіл бөлу қажет деді Фархад Қуанғанов.

 

Фархад Қуанғанов, СҚО әкімінің орынбасары:

– Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтерде мемлекеттік нышандарды қадірлейтінімізді ғана көрсетіп қоймай, патриоттық тәрбиеге де көп мән беру керекпіз. Бұл орайда жастар жағына көп көңіл бөліңіздер. Мемлекеттік рәміздер күніне де аз уақыт қалды. Сондықтан мерекелік іс-шаралар қала мен аудандарда да қызу жүріп жатыр.

 

Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінде өңіріміздің дамуына үлес қосқан бір топ солтүстікқазақстандықтар “Жыл Патриоты” аталымдары бойынша марапатталады деп жоспарланып отыр.

 

Бану Ахметова