Энергетика

Электромонтерлер сайысы

 

Электр тарату желілерін жедел жөндеу бригадаларының арасындағы кәсіби жарыс аяқталуға таяу қалды. 4 күнге жалғасқан жарыстың бүгін 3-і күні. Сайысқа қатысқан 13 ауданның өкілдері өздеріне тапсырылған істі барынша жетік білетіндіктерін дәлелдеуде.

 

Александр Елисеев, «СК РЭК» АҚ бас инженерінің орынбасары:

– Оқу-жаттығу алаңында жедел жөндеу бригадалары қызметкерлерінің кәсіби жарысы өтуде. Бұл шараның мақсаты – монтерлердің шеберлігін арттырып, өзара тәжірибе алмасу. Жарыстың қорытындысы бойынша біз үздік деген бригаданы анықтап, оларға бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақы береміз.

 

Жалпы жарыс 7 кезеңнен құралған. Дәл қазір Корнеевка аудандық өндірістік базасының бригадасы 5-ші турды бағындыруда. Сайыста қойылған негізгі міндет – істен шыққан изоляторды ауыстыру. Жарамсыз болып қалған құрылғыны жөндеу үшін монтер темір-бетон бағанаға шығы тиіс. Жұмысқа берілген уақыт 50 минут.

Ал мынау жарыстың ең қызықты сәті. Бұл кезеңде 10 мың вольттық кернеуге түскен жанды құтқару қажет. Бірінші кезекте, зардап шеккенді бағанадан түсіріп, жапа шегугіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп үлгеру қажет. Оған «Илюша» атты қуыршақ пайдаланылды. Адамды құтқарып қалуға 4 минут уақыт беріледі. Сайысты бағалауда төрешілер жылдамдық пен жұмыстың сапасына мән береді.