Қоғам

“Біздің ауыл” жобасы

Ауылдың жаңғыруы – ел дамуының басты алғышарттарының бірі. Осыны қаперге алған нұротандықтар ел көлемінде “Біздің ауыл” атты жаңа жобаны іске қосты.

 

Арман Бердағұлов, “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының орынбасары:

– Жобаны жүзеге асыру барысында ауылдар абаттандырылады. Жасыл желектер отырғызылады. Елді мекендерде әлеуметтік нысандар ретке келтіріліп, жаңа ғимараттар бой көтереді. Су көздері,тоғайлар қоқыстан арылатын болады. Спорттық алаңдар салынып, ауыл ішіндегі жолдар жөнделеді.

 

Бүгінгі ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған заманнан ауылдықтар шет қалмауы тиісті. Тың бастама аясында елді мекендерге ғаламтор желісін тарту ісіне қан жүгірмек. Ауқымды шара өңіріміздің бір де бір ауылын айналып өтпейтін болады. Бұл мақсатта жоспарлағанды ұйымдастырып, атқарылуын қадағалайтын арнайы сарапшылар тобы құрылды.

Сондай-ақ кешенді іске түрлі қоғамдық ұйымдар мен кәсіподақтар жұмылдырылмақ. Білім және ғылым, өңірлік даму министрліктері кәсіби және қаржылай демеу жасайды деп жоспарланған. Ауыл өміріне дем беретін жаңа бағдарлама 2014-2016 жылдары жүзеге асады.

 

Жеңіс Ермұқанов