Қоғам

“Ботақанның” қайырымдылық шарасы

 

«Ботақан» қоғамдық бірлестігі өткізіп отырған шара 1 маусым балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылыпты. Мұқтаж жандарға қолдау білдіруді азаматтық борышы деп санайтын ұйым мүшелері ылғи да осындай игі бастамалардың басынан табылады.

 

Нәзипа Әбутәліпова, «Ботақан» ҚБ мүшесі:

– Біз әрқайсымыз мектепте көпбалалы отбасы балаларын тегін тамақтандырамыз. Мүгедек балаларға да әрқашан қолдау көрсетеміз. Бөбектер үйіне де барып әрқашан демеушілік жасаймыз.

 

Гүлшат Жолдығалиеваның 4 баласы бар. Бүгін ол мектеп жасындағы 3 бүлдіршінді осында ертіп әкеліпті. Көпбалалы ана өздеріне қолдау көрсететін осындай ұйымдардың болғандығына риза. Өйткені мұндағылар осындай отбасындағы балаларды жыл сайын мектепке қажетті керек-жарақпен қамтып, киім-кешектер ұсынады екен.

 

Гүлшат Жолдығұлова, «Қызылжар» көпбалалы аналар ҚБ мүшесі:

– Бұл ұйым бізге киім-кешекпен көмектеседі. Мектепке балаларды жинауға да септігін тигізеді. Алғысым шексіз.

 

Бүгінгі шараға 40 балғын жиылыпты. Олар мұнда түрлі ойындар ойнап, жайылған дастарханнан дәм татты. № 9  орта мектеп оқушылары әзірлеген концерттік бағдарламаны тамашалады.

 

–  Маған бәрі ұнады. Біз ойнадық, көңіл көтердік. Тәтті тағамдар жедік.

–   Біз мұнда уақытты көңілді өткіздік. Қызықты сайыстарға қатысып, сыйлықтар алдық. Оқушылар бізге концерт ұйымдастырыпты.

 

Жазғы демалыстарының алғашқы күндерін осылай қуанышты өткізген балалар. Ерекше шат-шадыман көңіл күйде үйлеріне тарқасты.

 

Мағжан Ахмадина