Әр түрлі

Қазақстан монетасы ең әдемі деп танылды

“Алма отаны” деп аталатын ескерткіш күміс монета өткен жылдың қарашасында жарыққа шығыпты. Сөлкебайдың орталық бөлігі мен күңгірттелген бетінде тамырын жайған алма ағашының стильдендірілген бейнесі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі безендірілген.

925-ші сынамалы монетаның құны 8900 теңге шамасында. Еліміз бойынша 7000 данамен таралымға шығыпты. Номиналы 500 теңгелік ескерткіш тиынды Ұлттық Банктің жергілікті филиалында сатып алуға болады. Ұлттық банк мамандарының айтуынша бұл сөлкебайды біреуге сыйлық ретінде тарту етуге де болады.

Айта кететін жәйт, қазақстандық “Алма отаны” тиыны осы жылдың мамыр айында Мехико елінде өткен байқауда “2014 жылдың ең әдемі күміс монетасы” атына ие болған.

 

Бақыт Сәдуақасов