Білім

Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ аккредитациядан өтті

 

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстанның тәуелсіз акредиттеу және рейтинг агенттігінің аккредитациясынан өтті. Ол ендігі жерде университетте білім сапасына қатысты 5 жыл көлемінде ешқандай тексеріс жүргізілмейтіндігінің кепілі.

Сонымен қатар осы жылы аталмыш білім ордасы АСЕИН халықаралық бағдарламасы бойынша да аккредитациядан өтпек. Ол 5 мамандық бойынша жүргізіледі екен. Университет ректоры бұл білімімізді халықаралық деңгейде дәлелдеу үшін қажет дейді. Бір айтары осыған дейін университет ұжымы аталмыш ұйымға энергетика, машинажасау мен құрылыс құрылғылары мамандықтары бойынша сынақ тапсырып, сыннан сүрінбей өтіпті.

Бүгінгі таңда аталмыш білім ордасында 5 мыңға жуық студент оқыса, солардың жартысына жуығы жақында қолдарына дипломдарын алмақ. Ал олардың орындарын басатын мектеп бітірген түлектерге айтарымыз, университеттің биылғы жылғы оқу жүйесіне еш өзгеріс енгізілмейді.

 

Самат Есмағи