Мәдениет

Биыл аудан орталықтарында 6 мәдени нысан ашылды

 

СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы  Рүстем Елубаев өз баяндамасын үстіміздегі жылы тындырылған істерден бастады. Атап айтсақ, биыл аудан орталықтарында 6 мәдени нысан ашылды. Облысымыздағы кітапханалар 4,5 мың шара өткізген. Оған 8 мыңнан астам адам қатысыпты. Өңірдегі 3 театр 57 қойылымды сахналаған. Оның 7-еуі премьера. Туындыларды 5 мың солтүстікқазақстандық тамашалады.

Теріскейде тәуелсіздік жылдар аралығында 22 жаңа ескерткіш бой көтерген.

 

Рүстем Елубаев, СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы :

– Мемлекеттің қарамағында 600 мәдениет және тарихи ескерткіш бар. Сонымен қатар ҰОС ардагерлеріне арналған 523 нысан бар. Қазіргі күні еліміздің тарихи-мәдени құндылықтарын сақтап, тану үшін Айыртау ауданындағы Ботай елді мекенінде археологиялық зерттеу жұмыстары жүруде.

 

Үстіміздегі жылдың 5 айында атқарылған істер айтарлықтай. Ендігі кезекте 6 мәдени нысанды күрделі жөндеуден өткізу қажет. Бұл мақсатқа “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасының аясында 72 млн. 764 мың теңге бөлініпті. Дегенмен жергілікті тілшілер қауымын шешімін таппай жүрген мәселелер де қызықтырды.

– Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы жоспарланған жөндеу жұмыстарына биыл осы театр енгізілген бе?

Қазақ театрының ғимаратын жөндеу үшін жоба-сметалық құжаттар зірленіп жатқан көрінеді. 2015 жылы өңірімізде тағы 7 нысан күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. Оған 151 млн. 846 мың теңгенің жоба-сметалық құжаты дайындалыпты.

 

Бану Ахметова