Қоғам

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алу жиыны

 

Залда жиылғандардың барлығы ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің кепілі бола білген азаматтар. Олардың көпшілігі қазір еңбек демалысында жүрсе де, жастарды патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге зор үлестерін қосып келеді. Сондықтан болар бүгін олар еліміздің алғашқы Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы  Сағадат Нұрмағанбетовті еске алуға арналған кеште білікті қолбасшы атындағы медальмен марапатталды. Олардың қатарында Сағадат Қожахметұлымен 90-шы жылдардың басында қызметтес болған Бахытжан Сембаев та бар.

 

Бахытжан Сембаев, Қарулы күштер ардагері:

-Кеңес Одағы ыдыраған кезде оның құрамында болған елдердің офицерлері өз елдеріне кете бастады. Сол кезде Сағадат Нұрмағанбетов өзінің мол тәжірбиесін жастармен бөлісіп, қарулы күштер жұмысын қайтадан жандандыра түсті. Ол өзінің ерлік, батырлық, асқан ұлтжандылық қасиеттерімен келешек ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

 

Сағадат Нұрмағанбетов 90 жасқа келер шағында дүниеден озды. Саналы ғұмырын еліміздің әскери саласының құрылуы мен дамуы жолында сарп еткен қолбасшының қызметі бүгінгі ұрпаққа үлгі.

 

Нұрлан Әубәкіров, Қызылжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы:

– Мен бүгін осындай марапат алып жатқаныма өте қуаныштымын. Екіншіден Сағадат атамыз бастап кеткен жолды жалғаймыз деп ойламймын. Оның жүріп өткен жолы бізге үлгі.

 

Төсбелгіге ие болғандардың қатарында жастардың бойында қазақстандық патриотизмді дамытуға үлес қосып жүргендер де болды.

Мұндай медаль жыл соңына дейін елжанды ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосқан бірталай жерлесімізге табыс етілмек.

 

Мағжан Ахмадина