Қоғам

Журналист Дамир Әбуов республикалық “Жас дидар” байқауында жеңіске жетті

 

 

Жеке брейк-данс мектебін ашқан биші жөніндегі сюжет Дамир Әбуовке жеңіс сыйлады. Бұл материалды М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 2-курсында оқып жүргенде “Парасат” телестудиясында әзірлепті. 7-ші арна ұйымдастырған “Жас Дидар” байқауында бұл еңбек 50 жұмыстың арасынан үздік деп танылды.

 

Дамир Әбуов,МТРА тілшісі:

Бұл сюжетте біз “Таймлапс” деп аталатын өте қызықты эффект қолдандық. Ол бүлдіршіндерден аға буын өкілдеріне дейін түсінікті жанр. Сондай-ақ сөйлемдерді күрделендірмей жеңіл түрде құруға тырыстым.

 

Соңғы 1 жыл ішінде өзінің шығармашылық дарынын Дамир Әбуов муниципалдық телеарнада шыңдауда. Жас та болса қаламы қарымды журналист оқуымен жұмысты қатар алып жүр. Петропавлдықтардың көбіне танылып та үлгерді.

Әр салада бірдей қалам тербей білетін әріптесіміз еңбек өтілін жергілікті БАҚ-пен ғана байланыстырып отырған жоқ. Болашақта республикалық арналардан көрінсем дейді. Байқаудан кейін алға ұмтылған жігерлі жасқа мақсатына жетудің мүмкіндігі жасалыпты.

 

Дамир Әбуов, МТРА тілшісі:

“Жас дидар” байқауының маған бергені мол. Тәжірибелі әріптестермен жүздестім. Редактор, журналистермен, операторлармен таныстым. Мені республикалық арнаға тәжірибе жинақтауға шақырды. Мен бұл мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысамын.

 

“Жас дидар” байқауы елімізде тұңғыш рет өткізілген. Алғашқы бәйгеден сүрінбей, жүйрік атану қашан да зор мәртебе.

 

Жеңіс Ермұқанов