Құқық қорғау органдары

Ішкі істер органдарындағы бос лауазымдарға байқау жарияланды

 

Айгүл Қалиасқарова – мамандығы бойынша заңгер. Осыған дейін хатшы, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының кадр бөлімінде инспектор болыпты. Енді ол өз мүмкіндігін мемлекеттік қызметте сынап, әскери шенді болғысы келеді.

 

Айгүл Қалиасқарова:

3 жыл болйы іс жүргізу, аудармамен айналыстым. ІІО өзіме лайықты деп ойлаймын. Көп оқып, көп тәжірибе алмасқандықтан ба, ішкі істер органдарында жұмыс істеу маған оңай болады деп ойлаймын.

 

Әрбір комиссия мүшесі жұмысқа орналасуға келген азаматтарға сұрақтар қойып, заңнаманы қаншалықты білетіндігін тексерді. Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін де байқады. Жалпы мұндай шаралар ішкі істер органдарында ашықтықты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған.

 

Риза Жаманова, СҚО ІІД кадрлық жұмыс басқармасының жетекші маманы:

-Олардың кейбірі бұрын мемлекеттік қызметте істегендер, қысқартуға леккендер бар, келісімшарт бойынша жұмыс істегендер бар. Енді сол мамандар мемлекеттік қызметке орналасқысы келеді. Ұсынып отырған бағыттар да, бөлімдер де әртүрлі.

 

Полиция қатарына «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің мамандары қабылданады. Жалпы СҚО ІІД 13 бос орынға конкурс жариялапты. Ал бүгін бұрындары түрлі салада еңбек еткен 17 үміткер бақтарын сынауға келген.

 

Мағжан Ахмадина