Білім

“Соңғы қоңырау” мерекесі өңіріміздегі түзету мекемелерінде де атап өтілді

 

 

ЕС-164/3 мекемесіндегі кешкі мектеп 1999 жылы ашылған. Сотталғандарға арналған оқу ордасында 30 жасқа толмаған жігіттер мектеп бағдарламасындағы негізгі пәндерді оқиды.

 

Биыл кешкі мектепті 38 жігіт тәмамдайды. Олар да оқушылар сияқты түрлі пәндерден емтихан тапсырып, жалпы орта білімін растайтын атестатқа ие болмақ.

Оған қоса мұнда сотталғандардың кәсіптік білім алуына да мүмкіндік қарастырылған. Жазасын өтеушілер колледжде тас қалаушы, электр дәнекерлеуші, ұсталық мамандығын меңгеріп жүр. Бұл олардың бостандыққа шыққанда өз күнін өзі көруі үшін жасалған.

 

Берік Қасен