Спорт

Солтүстікқазақстандық 11 спортшы жазғы спартакиададан жүлдемен оралды

 

Ел көлемінде өткен жазғы спартакиадаға облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаттан  20 тәрбиеленуші барыпты. Оның жартысы қыз балалар. Барлығы 10 салмақ дәрежесі бойынша еркін күрестен күштерін сынады. Жалпыкомандалық есепте Ақмола облысы жеңіс тұғырынан көрінсе, ортаға астаналықтар жайғасқан. Ал біздің жерлестеріміз – 2 алтын, сонша күміс және 1 қоламен үшінші орынға табан тіреді.

VII  жазғы спартакиадаға бізден 10 нәзік жанды қатысты. Теріскейдің палуан қыздары 5 алтын, 1 қоланы қанжығаларына басып, жалпыкомандалық есепте 2-ші орынға тұрақтаған.

Бүгінде аталмыш ұйымда еркін күреспен 40-тан астам  жеткіншектер айналысады. Елдің ертеңі дарынды жастарды үлкен алаңдарға үш бапкер Сағындық Бейсембаев, Орынбек Балағанов, Александр Ляшенко баптап келеді. Жаттықтырушылардың барлығы да жоғары дәрежелі. Осы іске ең кемі 15 жыл өмірін арнаған жандар.

 

Берік Қасен