Білім

“Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!”

 

Белсенділердің ұстанған мақсаттары жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендіктерін аңғарту. Акцияға қатысқан велошабандоздар қала көшелерімен жүріп өтіп бұқараны пара алмауға және өздерінің қандайда бір мәселелерін шешу үшін шенеуніктерге пара бермеуге үгіттеді. Сондай-ақ жастар қалалықтарды салауатты өмір салтын ұстануға да шақырды.

 

Илья Леднев, велоспорттан БЖСМ тәрбиеленушісі:

-Спорт пен жемқорлықты қосуға болмайды. Осыны қаперге алып біз жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендігін аңғарту тұрғысында акцияға қатысып отырмыз. Ғасыр індетіне айналып бара жатқан жемқорлықпен барлығымыз бірлесіп күресуіміз қажет.

 

Велошабандоздардың мәре сызығы Н.Погодин атындағы орыс драма театрының алдында болды. Ол жерде акцияға қатысушыларды колледж студенттері қарсы алды.

Қаржы полициясы мен спорт басқармасы мамандарының мұрындық болуымен қолға алынған аталмыш шара мақсаты жастарды пара беруден бас тартуға үндеу.

 

Светлана Карасева, гуманитарлық-техникалық білім беру кешенінің студенті:

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған флешмобқа қатысудағы мақсатымыз, жемқорлықсыз таза мемлекетте өмір сүргіміз келетіндігін аңғарту. Ертеңгі күні кез-келген жетістіктерге пара бермей өз күшімізбен жеткіміз келетіндігін ұғындыру.

 

Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың тамырына түбегейлі балта шабу әлі мүмкін болмай отыр. Онымен ел болып күрескенде ғана жеңе аламыз дейді акцияға қатысушылар.

 

Самат Есмағи