Білім

Облыстық “Ұлан” байқауының 2-ші кезеңі өтті

 

Отан, аброй, міндет, бұл- ажырамас ұғым. Қасиетті қағиданы әр ер-азамат санасына құйып, жүрегімен сезінуі тиіс. Осыны алға тартқан өңіріміздің 9 бірдей колледж студенттері алғашқы әскери дайындық сабақтарында жыл бойы үйренгендерін пысықтады.

Отансүйгіштікке баулитын игі шара барысында елжанды жастар сап түзеп, бір адамдай адымдап шеруге қатысты. Белсенді ұландар негізгі әскери қолданбалы өнер мен қағидаларды жақсы меңгергендіктерін танытты. Автоматты уақытқа бөлшектеп, қайта жинады. Қорғаныш заттарын жылдам өз мақсатында пайдалануды білетіндіктерін паш етті. Білек күштерін белтемірде сынады. Алда әлі 3 тапсырманы мүлтіксіз орындау қажет. Сайыскерлер мамырдың 23-і күні нысананы көздеп ату, толық амунициямен жүгіру, граната лақтырудан шеберлік таластырады.

 

Жеңіс Ермұқанов