Салық басқармасы

Міндетті салық төлемдерін аудару уақыты аяқталуға таяп қалды

 

Облыс орталығындағы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қазынаға міндетті салық төлемдерін аударуына не бары бір күн қалды. Меншік құқығындағы мүлік өтемдері, қосымша құн, зейнетақы, әлеуметтік жарналарының есебі мамырдың 25-не дейін қабылданады.

 

Лилия Әбілева,Петропавл қалалық салық басқармасы бөлімінің бас маманы:

-Әлеуметтік салық, төлемдер міндетті кіріс, табыс салығы, 300 формасында көрсетілген. Қосымша құн салығы 701.01 формасында көрсетілген. Жер салығы қоршаған ортаға эмиссия төлемдері 870 формада көрсетілген.

 

Төлемді мерзімінен кешіктіргендерге әкімшілік жаза ретінде 10-нан 30 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салынады.

 

Лилия Әбілева, Петропавл қалалық салық басқармасы бөлімінің бас маманы:

-Салық төлемдері уақытында өтелмесе, толық төленбеген жағдайда мәжбүрлі төлету және әкімшілік жазалау шаралары қолданылады. Мәселен, егер жеке тұлға бір жыл ішінде екі рет әкімшілік заңбұзушылыққа барса, ол 30 АЕК көлемінде, ал кәсіпкерлер қарызының 50 пайызын қосымша құн салығы ретінде төлеуге міндеттеледі.

 

Айыппұлмен қатар кешіктірілген әр күнге өсімпұл қосылады.

 

Берік Қасен