Бизнес және экономика

Экономикалық интеграция тереңдей түсуде

 

Солтүстік Қазақстан еліміздің солтүстік қақпасы болып саналады. Яғни Ресейдің бірқатар облыстарымен шекараласпыз. Ол өңір кәсіпкерлерінің ресейлік әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатуларына мүмкіндік беріп отыр. Алыс-берісті одан әрі дамытуда кедендік одақтың пайдасы ұшан-теңіз. Ал Еуразиялық экономикалық одақ құру бұл жетістікті одан әрі арттыра түсері сөзссіз. Тек жыл басынан Ресей мен біздің өңіріміз арасындағы тауар айналымының көрсеткіші 139 миллиард АҚШ долларынан асып отыр.

 

Михаил Лабуш, СҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім жетекшісі:

-Кедендік одақ құрылғалы өңіріміздегі тауар айналымы көрсеткіші айтарлықтай өсіп отыр. Ол 2009 -2013 жылдар аралығында 1,5 есеге артып, 1,1 миллиард АҚШ долларын құрады. Кедендік одаққа енген елдер арасындағы тауар айналымынан түскен қаржы сомасы 800 миллион доллар шамасында.

 

Ресейге бізден экспортталатын негізгі тауар ол бидай мен ұн. Тек өткен жылы ол жаққа сатылған астық көлемі – 41, ал ұн өткізуден түскен қаржы 3 миллион доллардан асады.

 

Михаил Лабуш, СҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім жетекшісі:

– Бүгінде экспорттан бөлек импорт көрсеткіші де артып отыр. Мұнай өнімдері, түрлі қондырғылар мен көліктерді негізінен Ресей мен Кеден Одағына мүшелікке енген елдердан сатып аламыз. Олардан біздің тауарға, олардың тауарларына бізде сұраныс бар. Мәселен, 2009 жылы астық экспорттау көрсеткіші тек 1 пайызды құраса, бүгінде ол 4 пайызға жетті.

 

Өңіріміздегі тауар айналымының басым бөлігі Ресейге тиесілі. Ішкі нарықтағы тауар айналымындағы олардың алар үлесі 70 пайызға тең. Ал бүгінде қолға алынып жатқан интеграциялық құрылым, бұл көрсеткішті одан әрі арттыра түсері сөзсіз. Ол ел экономикасының одан әрі артуына жол ашады.

 

Самат Есмағи