Спорт

Солтүстікқазақстандық желаяқтар ел чемпионатынан алты медаль алып келді

 

Жеңіл атлетикадан юниорлар арасындағы  республика чемпионатында өнер көрсеткен Михаил Литвин 400 метр қашықтықтан бірінші болып келіп, спорт шеберінің нормасын орындапты.  Шымкентке еліміздің 14 облысынан 400-ге жуық спортшылар жиналған. Солтүстікқазақстандықтар жалпыкомандалық есепте төртінші орынға шықты. 12 адамнан жасақталған команда  3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль  жеңіп алды.  Михаил Литвин мен Виктория Рыжкова жеңіл атлетикадан Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жарыс маусымның 12-де Тайваньда өтеді.