Бизнес және экономика

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындары 70-тен астам елмен байланыс орнатқан

 

 

Елбасы биылғы жолдауында отандық экономиканың қарқынды дамуын жаңғырта түсуді тапсырды. Әлеуметтің әл-ауқатын жетілдіру ісінде алға адымдауды доғармай, заманауи амал-тәсілдер қарастырылуы шарт. Бәсекеге қабілетті болу үшін әлемнің озық деген елдерінің тәжірибесін болмысымызға сәйкестендіріп ендіру қажет. Бұл орайда өңіріміз ғана 70-тен артық мемлекетпен сауда- саттықты жақсы жолға қойған. Бүгінде тауар айналымы 1 млрд. АҚШ долларына жетті.

 

Ирина Кузнецова, СҚО индустриялық-инновациялық даму басқармасы бөлімінің басшысы:

– Барлық сыртқы сауданың 3/1 Кедендік Одақтағы елдерге тиесілі. 2013 жылы тауар айналымы 5 пайызға артты. 10-шы жылдан санасақ өсім 14 пайызды құрайды. Импорттан экспорттың даму деңгейі әлдеқайда жоғары. Екі жаққа да тиімді әріптестіктің кемшіліктері де 10 пайызға азайғанын байқадық.

 

Әсіресе жаһандық интеграцияға өлкенің өндіріс ошақтары сәтті араласып жатыр. Өйткені еліміз үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың даңғыл жолына түсті.

 

Ирина Кузнецова, СҚО индустриалдық-инновациялық даму басқармасы бөлімінің басшысы:

– “Казнефтегазмаш” АҚ  қорғандық “Корвет” компаниясымен бірлесіп газ-мұнай өнімдерін тасымалдайтын құрылғылар шығарады. Петропавл құбыр зауытының өніміне Уренгой қаласынан ұзақ жылғы тапсырыс түсті. “Мұнаймаш” кәсіпорыны ресейлік “Эклам-Нефтемаш” мекемесімен өнімдерін жіберуге келісім жасасты. Петропавл құрылыс материалдары зауыты Қорған, Түмен, Омбы, Новосібір өңірлеріне құбырларын экспорттайды. Бізде өндірілетін электр оқшаулағыш материалдар да Белоруссия мен Ресейде сұранысқа ие.

 

Елбасының бастауымен Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы қос құрлықтың бірыңғай нарықтық кеңістігінде бәсекелестігімізді танытады. Еліміздің тауар айналымы мен қызмет көрсетудегі өркениеттілігінің жоғары көрсеткіші болып табылады. Ең бастысы – бұл қадам отандық тұтынушыға жететін тауардың сапасына шүбә келтірмеудің кепілі болмақ.

 

Жеңіс Ермұқанов