Білім

Петропавлда “Үздік педагог” байқауының іріктеу кезеңі жалғасуда

 

 

Байқауға ең кемі 5 жыл тәрбиеші міндетін жауапты атқарып келетін педагогтар қатысуда. Аққу Саликова Жамбыл ауданындағы “Айнагүл” бөбекжайында осымен 16-шы жыл балғындарға тәлім беріп келеді. Ол қазылардың талқысына тың идеясын ұсынып отыр. Сайыскер тәрбиеленушілеріне сабын көпіршіктерімен, ермексазбен, тіс щеткасымен сурет салғызуды үйретіп жүр. Себебі, 2 жастағы бала қарындаш, фломастерді қолдарына жөнді ұстай алмайды. Жоба тәлім алушылардың эстетикалық талғамын арттыратын көрінеді. Мұны кейіпкеріміз өзі ойлап тауыпты. Кейбір әдістерді аудандық, облыстық семинарларда әріптестерінен үйренгенін айтады.

Ал, Оксана Мельничук қазылардың сынына сергіту сәтінде балғындар жасайтын жаңа дене жаттығуларын ұсынып көрді. Ол кішкентайлардың дене мүшелерін жазып, қалыпты өсуіне әсер ететін көрінеді. Оксана бастапқыда тәрбиеші боламын деп ойламапты. Бірақ, шынтуайтында оған ең керегі осы мамандық екен. Ол мұны бойымда балаға деген махаббатым оянған кезде анық ұғындым дейді. Оған қоса өзі ұстаздар әулетінен шығыпты.

 

Оксана Мельничук, “Родничок” балабақшасының тәрбиешісі, Айыртау ауданы:

-Балғындардар мені жақсы тәрбиеші ретінде көру үшін мен олармен үйдегі анасы сияқты сөйлесуге тырысамын. Себебі үйдегі жылулықты олар балбақшада да сезінсе деймін. Ол оның еркін өсіп-жетілуіне және өзін қоғамда еркін ұстауына көмектеседі деп ойлаймын.

 

Сайысқа аудандық, қалалық кезеңнің 14 жеңімпазы қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған байқау мұғалімдердің кәсіби деңгейін шыңдап қана қоймай, сонымен қатар қоғамдағы педагог дәрежесін арттыруға септеседі.

Үздік педагог атанғаны алда өңір намысын елордасы Астанада қорғамақ.

 

Берік Қасен