Спорт

Петропавлда грек-рим күресінен облыстық ашық турнир жалауын көтерді

 

Кеңес Одағының спорт шебері Виктор Вик 1971-76 жылдар аралығында өңіріміздегі балалар мен жасөспірімдер күрес мектебін басқарған. Және алғашқы директоры. Виктор Вик 4 жылдың ішінде 30-дан астам Кеңес Одағының спорт шеберлерін даярлапты. Оның тәрбиеленішілері әлем чемпионы болған. Сондықтан да Виктор Виктің құрметіне алғаш рет облысымызда грек-рим күресінен облыстық ашық турнир жалауын көтеріп отыр. Оның өңірімізде спортты дамытуға қосқан үлесі зор дейді солтүстікқазақстандықтар. Сол себепті де бүгін спорт шеберіне құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.

 

Виктор Вик, Кеңес Одағының спорт шебері:

– Мен аграрлық техникумда оқып жүргенде спорттың бірнеше түрімен айналыстым. Кейіннен өзімнің спорт мектебімнің болғанын қаладым. Және ол ойымды жүзеге асырдым. Тәрбиеленушілерім Кеңес Одағы және әлем чемпиондары атанды. Менің бастамамның жүзеге асып дамығанына қуаныштымын.

 

Виктор Виктің құрметіне орай ұйымдастырылған турнирге қала мен аудандардан барлығы 125 спортшы жиналды. 10-14 жастағы балғындар 9 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Алғашқы болып боз кілемге жамбылдық 12 жасар Мирас Алпыс шықты. 42 салмақ дәріжесінде белдескен спортшының қарсыласы да аталған ауданнан келген Әлібек Базар. Мирас бірнеше секундтардың ішінде өз қарсыласының жамбасын жер иіскетті.

 

Мирас Алпыс, жарысқа қатысушы, Жамбыл ауданы:

-Грек рим күресімен айналысқаныма 4 жыл болды. Осы жарыста жеңсем деймін.

 

Жарыс екі күнге жалғасады. Жеңімпаздар грамота, медаль және кубокпен марапатталмақ.

 

Бану Ахметова