Қылмыс

Облыс полицейлері есірткі тасымалдаудың жолын кесті

 

 

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторлары 102 келі марихуананы Жамбыл облысының тұрғынынан тәркілеген. Бұл жыл басынан бері табылған ең ірі көлемдегі есірткі болып саналады. 48 жастағы қылмыскер марихуананы қорапқа тығындап, жүк тасымалдау қызметі арқылы оларды Петропавлға жөнелткен. Саудагер-сымақ Солтүстік Қазақстанға тауарының соңынан поезбен келген. Бірақ  оны сатып үлгерген жоқ. Өйткені тәртіп сақшылары арам ойдың жүзеге асуына тосқауыл қойды.

Қолға түскен азамат уақытша ұстау изоляторында отыр. Сезіктінің айтуынша, ол марихуананы арықта сақтаған. Енді сезікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 144 келі есірткі тәркілеген. Оның 2 кг 200 грамы – героин.

 

Данаш Хамзина