«Я вам нужен, господа» комедия жанрында құрылған. Дегенмен күлкі мен қалжыңның астарында ащы шындық жатыр. Ол – екіжүзділік. Адам бойындағы бұл жағымсыз қасиетті сомдау театрдың белді актеры Роман Лахтинге жүктелген. Оның кейіпкері Егор Глумов барлық мақсат-мұраттарына жету үшін өзінің туыстары мен сол кезде қоғамда жоғары орынға ие ақын-жазушылар мен байларды алдап-арбайды. Осылайша, тамыр-таныстарын көбейтіп, жеке мансабына жетуді ойлайды.
Заманына қарай адамы дегендей. Роман Лахтин өз кейіпкерін қазіргі адамдармен салыстырады.
Роман Лахтин, Н.Погодина атындағы орыс драма театрының актеры:
-Мен негізі өмірде шыншыл адаммын. Бірақ актер болғандықтан жақсы, жаман рөлдерді орындауға тура келеді. Мен өз басым осы театрда көптен бері жұмыс істемеймін. Сол себепті маған берілген кейіпкерді жақсы сомдап шықсам, онда 1 сынақтан өткенім. Және көрермендердің көңілі де мен үшін маңызды.
Тарихи деректерге көз жүгіртсек, Александр Островскийдің «Я вам нужен, господа» комедиясы теріскей жерінде алғаш рет 19-шы ғасырда сахналаныпты. Оның бүгінгі заманғы көрерменге қайта оралуына Н.Погодин атындағы орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Тимур Қәрімжанов мұрындық болған сыңайлы. Қойылымның режиссері пьессаға өз идеясын қосып, кейбір өзгертулер енгізген.
Берік Қасен